Министрлік Ресей азаматтарының Қазақстанға кіру мәселесіне түсініктеме берді

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Ресей азаматтарының Қазақстанға кіру және болу тәртібі туралы мәселесіне түсініктеме жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіру және болу тәртібі бар, оларды бақылауды Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі және тиісінше Қазақстан Республикасының ІІМ жүзеге асырады. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар штаттық режімде жұмыс істеуде және жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Бұл ретте, кез келген елдің азаматтарының Қазақстан аумағында мерзімсіз болуға құқығы жоқ, олар еліміздің Көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы қажет, — делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері қазақстандықтар құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанын және әр азаматтың іс-әрекеті осы қағидаттардан туындауы тиіс екенін атап өтті.

– Қолданыстағы шарттар сақталуы тиіс және ықтимал құқық бұзушылықтарды әкімшілік тәртіппен тоқтату керек. Мемлекетте ұлттық мүдделерді қорғаудың тетіктері жеткілікті, бұл орайда, ұлттық мүдде бәрінен де жоғары. Айналамызда болып жатқан кез келген күрделі геосаяси жағдайда біз ұлттық қауіпсіздіктің басымдығына сүйенетін боламыз. Әлемде орын алған құбылмалы ахуал біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін сынақ болып отыр. Сонымен бірге, халқымызға тән адамгершілік қасиеттер белгілі бір моральдық ережелерді сақтауды талап етеді. Азаматтарымыз өзіндік даналығын көрсетіп, қонақжайлылық дәстүріне берік болады деп сенеміз, -делінген түсініктемеде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz