СҚО-да ЖРВИ және тұмау аурулары жиілеуі мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

СҚО – да эпидемиологиялық маусымда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен 31 мыңға жуық және тұмаумен ауырған 35 адам тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әкімдік отырысында облыстың бас санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ЖРВИ – мен сырқаттанушылық көрсеткіші — 100 мың тұрғынға шаққанда 5644 адамды құрайды. ЖРВИ-мен 1 044 адам ауруханаға жатқызылса, оның 20-сы жүкті әйел, қалған 313-ы бір жасқа дейінгі балалар.

— Пневмониямен ауруханаға жатқызылған 679 адамның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 95% – ды құрады, оның ішінде бір жасқа дейінгі 232 бала және 13 жүкті әйел. 2 803 сынама тұмауға ПТР әдісімен зерттелді. Барлық 35 жағдайда H3N2 вирусының штаммы тіркелді. Облыс бойынша: Петропавлда – 19 адам, Қызылжар және Тайынша аудандарында — 3, М. Жұмабаев ауданында – 1, Мамлют — 9 адам тұмаумен ауырғаны анықталды, — деді Әсет Жұматаев.

Облыстың бас санитариялық дәрігері, әдетте, аурудың өсуі желтоқсанның ортасында, қаңтардың аяғында және ақпанның ортасында болатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz