СҚО-да Ресейден келгендер ауруханаға орналастырылған жоқ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«СҚО денсаулық сақтау басқармасы Ресейден келушілерге 2 мың орындық ковитарий дайындады» деп тараған ақпарат жалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Бұйрыққа сай коронавирус жұқтырғандарға 127 орын, соның ішінде жансақтау бөлімшелерінде 12 орын дайындалған. Бүгінгі күні өңірдің инфекцциялық емдеу мекемелерінде 11 сырқат қана жатыр. Соңғы тәуліктер бойынша айтсақ, қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны азаймаса көбейіп жатқан жоқ, — дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Тағаниязов.

Петропавлдағы жарақат пунктіне 21 қыркүйектен бастап ресейлік 30 шақты азамат келіп, жедел медициналық көмек алған.

 -Петропавлда 1933 жататын жері бар 38 орналастыру орны жұмыс істейді. Олардың 24-і — 517 бөлмесі бар мейманханалар. Бүгінде олардың барлығы толық. 50 % — Ресей азаматтары тұрып жатыр. Бұдан басқа 20 пәтер бюросы бар, олардың барлығы бүгінгі күні толық. Орта есеппен бағасы 20 % қымбаттады. Петропавлда 147 тамақтану нысаны жұмыс істейді, оның 44-і – асхана. Бағалары өзгерген жоқ. Мұны біз үнемі бақылауда ұстап отырмыз.  Дүкендердегі азық-түлік бағасы да біздің бақылауымызда, бағаның күрт өзгеруін анықтағанымыз жоқ, дүрлікпе байқалмайды, — дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz