2022 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Петропавл қаласындағы «Динамо» стадионында күштік құрылымдар қызметкерлері арасында самбо күресінен Солтүстік Қазақстан облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс қорытындысы бойынша, табанды күрес нәтижесінде 64 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде 3 курс курсанты Мирас Муслимов, 71 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде 3 курс курсанты Әділжан Рақымғалиев, 79 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде 4 курс курсанты Дархан Дәулетов пен 88 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде 1 курс курсанты Қадыржан Байсеріков 1 орынға ие болды.Сондай-ақ, 98+ килограмм және 58 килограммға дейінгі салмақ дәрежелерінде 2 және 3 орындарды 1 және 3 курс курсанттары Нияз Зубаиров пен Айбек Кәрім иеленді.
Ұлттық ұлан Академиясының құрама командасы 6 салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болып, жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша 1 орынға ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.