СҚО Тайынша ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Тайынша ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Берік Әлжанов 1976 жылғы СҚО Есіл ауданы Чириковка ауылында туған. Екi жоғары бiлiмi бар: 1993-1998 жылдар аралығында С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетте мал дәрiгерi, 2011-2013 жылдар аралығында «Көкше» академиясында экономика, қаржы мамандықтары бойынша бiлiм алған.

Еңбек жолын туған ауылында физика пәнiнiң мұғалiмi болып бастаған ол, кейіннен 2001-2007 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Есiл аудандық аумақтық басқармасы құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшi маманынан басшысына дейiнгi лауазымдарды атқарды. 2007-2010 жылдар аралығында Есiл ауданы ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы , 2010-2015 жылдары СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлiмiнiң басшысы, одан кейін 2015-2019 жылдары СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болған.

Тайынша ауданының бұрынғы әкімі Руслан Аңбаев тамыздан бері Петропавл қаласының әкімі екенін естеріңізге сала кетейік.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz