Келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек — Әлихан Смайылов

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді, онда Ресей Федерациясынан келушілер санының артуына қатысты қалыптасып отырған ахуал талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Келген адамдарды өңірлер бойынша орналастыру, жұмысқа тұру ықтималдығын қарастыру және кеңес беру мәселелері бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, мигранттарды тіркеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, жалға берілетін тұрғын үй нарығының құқықтық аспектілері бойынша Әділет министрі Қанат Мусин сөз сөйледі.
Талқылауға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты. Премьер-Министр өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.

– Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек. ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды, — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік құрылымдар өз құзыреті аясында отандастарымызға да, мигранттарға да тараптардың құқықтары мен жауапкершілігіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Алдағы күндері бұл мақсатта жедел желілер ашылады. Сонымен қатар Премьер-Министр уақытша келген шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Оған қоса, Премьер-Министр барлық көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, елге келіп жатқан адамдардың бір жерде шоғырлануын болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды, ХҚКО-лардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қосымша қызмет көрсету терезелерін ашуды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz