СҚО-да 762 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері мас күйде рөлге отырғаны үшін 762 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатайық!» акциясы барысында түскі уақытта Петропавлдағы Абай көшесінде «Volkswagen Jetta» автокөлігі тоқтатылған. Машинаны 36 жастағы қала тұрғыны мас күйде жүргізген.

Тексеру барысында көлік оның жанында отырған 37 жастағы досының атына тіркелгендігі анықталды. Екі ер адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен олар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, сонымен қатар 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

– Мас күйде көлік тізгіндейтін жүргізушілер өздерінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да өміріне қауіп төндіреді. Жол қауіпсіздігі бойынша акциялар мен рейдтік іс-шаралар кезінде жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу фактілерін, оның ішінде көлікті мас күйде басқару деректерін анықтауға баса назар аударады. Жыл басынан облыс жолдарында мас жүргізушілердің кінәсінен 16 жол-көлік оқиғасы орын алды, 6 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды, — дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz