«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.
«AMANAT» партиясының бұған дейінгі XXIІІ съезінде Ерлан Қошанов партия төрағасы болып сайланған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады. Еске салайық, кандидаттың белгілі бір саяси партия атынан сайлауға түсуі үшін аталған партияның мүшесі болуы міндетті емес.