СҚО-да 5 мыңнан астам адам 2020 жылғы мүлік салығын әлі төлемеген

Авторы: Qyzyljar News

Мүлік салығын төлеу мерзімі 3 күннен кейін аяқталады. Ал уақытылы төлемеген жағдайда 1,25 пайыз мөлшерінде күнделікті өсімпұл қосылып отырады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Қарыздары барларға 2-ші қазаннан бастап хабарлама келіп түседі. Ал салық берешегі 1 АЕК-ті құраған жағдайда 30 күннен кейін салықты мәжбүрлеп алу туралы бұйрық жіберіледі, — дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Сұңғат Қоспаев.

Мүлік салығы мүлдем төленбеген жағдайда қарызды өндіріп алу бойынша іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Қарыз кемінде 40 АЕК-ті құраса, борышкерге қатысты бірнеше тыйым салу шарасы қолданылады.

– Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға шектеу қойылып, салық төлеушінің мүлкіне тыйым салу, банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады. Бұл ретте борышкер салықтар бойынша берешегін төлегеннен кейін өндіріп алынған соманың 25 пайызын жеке сот орындаушыға төлеуі қажет,- дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің жетекші маманы Берік Азықанов.

2020 жылғы мүлік салығын 5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық төлемеген. Бұл – шамамен 11 млн. теңге екенін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz