Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы Үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған. Еңбек министрлігінің хабарлауынша, биыл «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр, онда 25 қазан сейсенбіге сәйкес келетін мемлекеттік мереке – Республика күні болады. Құжат ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында 12 қазанға дейін талқылау үшін жарияланды.