Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төменгі орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан нарығына Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud және т.б. сияқты ірі ойыншылар белсенді түрде тартылып жатқанын атап өтті.
– Халықтың 40 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұратын еліміз үшін барлық азаматты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе саналады. Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төменгі орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту жөніндегі жұмысты жандандыруы керек, — деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық сессиясы кезінде.