СҚО-да тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне түскен өтініштер саны өткен жылмен салыстырғанда 25% — ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде ведомство басшысы Ләзім Мияшева бөлшек және электрондық сауда саласында тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылатынын атап өтті.
— Тұтынушылар сатушының сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуына, оның интернет-дүкендегі сипаттамасына сәйкес келмеуіне, тауар мен сатушы туралы толық және сенімді ақпараттың, белгіленген мерзімде тапсырыстың ұсынылмауына, ақшаны уақтылы қайтарылмауына шағымданады, — дейді Ләзім Мияшева.
Тұрмыстық қызмет көрсету саласында негізінен жиһазға тапсырыс беру, техникалық қызмет көрсету станцияларында автомобильдерін жөндеу, пластик терезелерді дайындау және орнату, кіреберісті тазалау бойынша іс жүзінде орындалмаған қызметтер үшін ақы есептеу кезінде тұтынушылардың құқықтары бұзылады.
— Медициналық, қаржылық, білім беру, көлік және басқа да қызметтер саласына қатысты өтініштердің болмауы бұл салаларда тұтынушылардың құқықтары бұзылмайтынын және проблемалар жоқ екенін көрсетпейді. Осы мәселелер бойынша өтініштерді қарау басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді және тиісінше мұндай өтініштер оларға тікелей жіберілуі мүмкін, — деп толықтырды Ләзім Мияшева.