Петропавлда барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілді

Авторы: Qyzyljar News

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі балабақшалар, мектептер мен ауруханаларға жылу берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Компания өкілдерінің мәліметінше, төрт күн ішінде 386 көпқабатты және 544 жеке тұрғын үй жылумен қамтылды. Әлеуметтік нысандарға бірінші кезекте берілді.

— Жылыту маусымның басталуын күтіп қана қоймай, оған дайындалып, жылу жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексеріп, дайындық паспорттарын алған нысандар жылуға тез қосылады. Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері жылуды соңғы кезекте алады,- деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Петропавлда жылу беру маусымы 24 қыркүйекте басталды. «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі қаланы қосуға 10-14 күн қажет екенін атап өтті. Жылу кесте бойынша беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz