«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында шетелдік азаматтарды қабылдау үшін ХҚКО ашылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кезектерді болдырмау үшін Петропавлға келген шетел азаматтарын қабылдау пунктін ашу туралы шешім қабылданды. Енді шетелдіктер Қаттай Кеншінбаев көшесі, 22 мекен-жайында орналасқан орталыққа жүгіне алады.
Ведомствоның баспасөз қызметі ЖСН алу үшін резидент еместердің өзімен бірге шетелдік паспорты немесе нотариалды куәландырылған Ресей Федерациясы азаматының аударылған ішкі паспорты болуы қажет екенін еске салды. Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Қазақстанда ЖСН алу тегін.