СҚО-да жыл басынан бері «жалған терроризм» үшін 3 адам сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері «жалған терроризм» үшін 3 солтүстікқазақстандық сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полицейлері тұрғындарға «телефон терроризмі» үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабының «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» санкциясымен 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемдегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.

– Тәжірибе көрсеткендей, егер күдіктілер психикалық сау деп танылса, көбінесе бас бостандығынан айыру нақты жазаға айналады. Соңғы уақытта «жалған терроризм» туралы хабарлау түрі өзгерді. Енді жарылыс туралы хабарламалар телефон арқылы емес, электронды пошта арқылы келіп түсуде. Барлығыңызды заңда көзделген жауапкершілікті есте сақтауларыңызды сұраймыз,- дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Жыл басынан СҚО-да «жалған терроризмнің» 7 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта 3 «әзілқой» сотталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz