Петропавлда алғашқы 20 қабатты үйлер салынады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда инвесторлар биіктігі 20 қабатты үйлер салады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігінің отырысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрола Галеев биыл өңірде 37 бюджеттік және 24 коммерциялық үйдің құрылысы аяқталатынын айтты. Ол 2020 жылдан бастап коммерциялық тұрғын үй үлесі артып келе жатқанын, 2 040 пәтерге арналған 33 заманауи үй мен алғаш рет 20 қабатты үйлер салынып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар болашақта — түрік инвесторы тұрағы бар тоғыз көпқабатты үйден тұратын тұрғын үй кварталын салып, жамбыл көшесінде аула алаңы екінші қабат деңгейінде орналасқан үй пайда болатынын айтты. Петропавлда Ақтау, Көкшетау және Астанадан құрылыс компаниялары жұмыс істеуге ниетті.

— Аукционды өткізу кезінде жобаларды жылдам іске асыру бойынша тиісті талаптар болуға тиіс. Ережеде сатып алғаннан кейін 3-3,5 жыл ішінде үйлер салынуы керек екендігі көрсетілуі керек. Әйтпесе, біз ақшаны қайтарып, учаскелерді аламыз. 2000 жылдардың ортасында көптеген жерлер міндеттемесіз сатылды. Оларға ештеңе салынбайды. Енді сот арқылы қайтаруға тура келеді. Сонымен қатар, инвесторларда шенеуніктер кедергі жасайтын тәуекелдер болмауы керек. Барлығын кәсіпкерлер палатасымен, құрылысшылар қауымдастығымен талқылау қажет. Бұл мәселеде ашықтық болуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Ол биылғы жылдың міндеті — 400 мың шаршы метр тұрғын үй салу екенін атап өтті. Экономика басқармасының мәліметінше, сегіз ай ішінде өңірде 107,3 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz