СҚО-да қарттар күніне орай қайырымдылық айлығы өтуде

Авторы: Qyzyljar News

Күздің екінші айы халықаралық қарттар күнімен бастау алады. Атаулы датаға орай өңірімізде бірқатар іс-шаралар қолға алынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде облыста 100 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың 44 мыңға жуығы Петропавлда тұрады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжиннің айтуынша, қарт адамдарды алаңдатып отырған мәселелердің бірі – зейнетақы мөлшерінің төмендігі. Минималды зейнетақы қазіргі уақытта 60 мың теңгені құрайды. Оны өңірде 4 мыңға жуық адам алады.

– Статистика бойынша, соңғы айда қала тұрғындары өз қажеттіліктеріне 85 мың теңге жұмсапты. Ал 4 мың адамның зейнетақысы 60 мың теңгені құрайды. Бұл ойланарлық жайт. Сонымен қатар, кей жандардың еңбек өтілі толық емес. Олардың арасында 3800 адам ең төмеңгі деңгейдегі зейнетақы алады. 3 мыңға жуық тыл еңбеккері бар. Олар ҰОС-ына қатыспаса да соғыс жылдарында еңбек еткен. Оларды да ұмытпауымыз керек, — дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz