СҚО полицейлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын алу құқығын түсіндіруде

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын алу құқығын түсіндіруде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдардың басым бөлігі сақтандыру өтемақысын алу құқығы туралы білмейді. Бұл ретте, “Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы” 2003 жылғы 1 шілдедегі №466 Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу көзделген. Автокөлік иелерін міндетті сақтандыру ең төменгі өтемақыға кепілдік береді, сонымен қатар жолаушылар тасымалдаушылары өз жолаушыларын сақтандыруға міндетті.

Сақтандыру мәселелері полиция құзыретіне кірмейтініне қарамастан, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі зардап шеккендерге олардың заңды құқықтарын түсіндіру туралы тапсырма берді.

– Полиция жұмысының мақсаты – заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау. Заңнамалық нормаларды білмеу – кейде адамдарға өз құқықтарын жүзеге асыруға тосқауыл болады. Сонымен қатар, кей азаматтар құқықтық сауатсыздықты пайдаланып, заң көмегін көрсету кезінде өздеріне пайда түсіреді. Сондықтан жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша қылмыстық және әкімшілік іс жүргізетін тергеушілер, анықтаушылар және әкімшілік полиция қызметкерлері зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын алуға заңды құқықтарын түсіндіруге бағдарланды, – деп атап өтті СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы Сергей Табарин.

Атап айтқанда, полицейлер сақтанушы жол-көлік оқиғасы туралы білгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде кешіктірмей, сақтандырушыны хабардар етуі қажеттігі туралы айтты. Төлемді сақтандырушы қажетті құжаттар пакетін алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүргізеді. Барлық сұрақтар бойынша сақтандыру ұйымдарының агенттеріне хабарласқан жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz