Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары көкпардан чемпион атанды

Авторы: Qyzyljar News

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көкпар Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет еніп отыр, осыған дейін шабандоздар көкбөрі ойнаған болатын. Көкпардан Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Венгрия командалары сынға түсті. Ауғанстан аттарының мәселесі шешілмеуіне байланысты ойын көрсете алмады. Көкпардан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды Өзбекстанмен ойнап, 8-1 есебімен жеңіске жетті. Екінші ойынды Моңғолия құрамасымен ойнап, 12-2 есеп айырмашылығымен финалға шықты. Финалда Қырғызстанның командасымен ойнаған құрама жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетті.

Ұлттық құрама мүшелері Ұ.Байтөреев, А.Нышанбеков, Қ.Тұрғанбек, А.Жамалбеков, Қ.Тоғайбаев, Е.Құрманбай, Б.Әзімбаев, И.Рәт, Д.Айтан, А.Бердіқұл, Ы.Әліпбаев, Ә.Мамыт ел намысын абыроймен қорғады. Қырғыз шеңберіне Әділет Мамыт 2 салым, Құрманбек Тұрғанбек 1 салым, Абылайхан Нышанбеков 1 салым салды.
Спортшыларымыздың осынау жеңісімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтады.

– Өздеріңізге Түркияның Изник шаһарынан сүйінші жаңалық жеткізгім келіп отыр. IV Дүниежүзі көшпенділер ойындарында бүгін Қазақстан қоржыны қос алтынмен толықты. Алғашқы алтын жүлдені 60 килограмм салмақ дәрежесінде қазақша күрестен Марат Нығматуллаев иеленсе, екінші тарихи жеңісті Көкпаршылармыз әкеліп отыр. Олар Қырғызстан құрамасымен ақтық бәсекеде сынға түсіп, 4:3 есебімен ел намысын қорғады. Көкпар додасы Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш еніп отырғанын ескерсек, көкпаршыларымыздың бұл жеңісі шын мәнінде ел болып қуанар ерекше тарихи оқиға. Кеше ғана кең байтақ қазақ даласын дүбірге бөлеген «Ұлы дала жорығы» бәйгесін тамашалап бір серпіліп қалсақ, бүгін тақымдары темір, білектері болат көкпаршыларымыздың жеңісі тіпті мерейлендіріп отыр. Сондай-ақ, Қазақ күресіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан белдесіп, айтулы бәсекеде 19 бұрымдымыз бақ сынады. Ұлттық спорттың туын жықпай, ел үмітін еселеген барлық жеңімпазды шын жүректен құттықтаймын! Түркия төрінде атойлаған қазақ рухы асқақтай берсін!, — деп жазды Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы Қазақстанда өтеді. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркияның жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлудан ойынның символын қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz