СҚО-да жұмыссыздық деңгейі шамамен 5 % құрайды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9%, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі — 5% құрайды. Бұл туралы әкімдік отырысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ринат Елжасов жұмыссыздықтың жоғары деңгейін болдырмау үшін өңірде қандай шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Ол жыл қорытындысы бойынша экономиканың түрлі салаларында 10,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғанын айтты. Оның 9,4 мыңы — «мықты өңірлер-ел дамуының драйвері», «Салауатты ұлт», «Білімді ұлт», «технологиялық серпіліс», «тұрақты экономикалық өсу» секілді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобалар бойынша ашылады. Бизнес-бастамаларды қолдау есебінен тағы 1,1 мың жұмыс орны ашылу көзделіп отыр.

— Жоспарланған 10 582-ден 9 370 жаңа тұрақты жұмыс орны немесе 88,5% құрылды. Оның ішінде 3 мыңға жуығы жаңа өндірістерді іске қосу есебінен ашылды. Үш ауданда жыл қорытындысы бойынша орындамау тәуекелдері бар. Сонымен қатар, олар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетіне ие, — деп атап өтті Ринат Елжасов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 3,1 млрд. теңге бөлінген. Өңірдің 17 мыңға жуық тұрғынын жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарлануда. Оның ішінде 3 мыңнан астам адам жалақыны ішінара субсидиялау арқылы жұмыс берушілерді қолдау шеңберінде жұмысқа орналасып, 2 мыңға жуық адам оқудан өтеді.

— Проактивті форматта халықты жұмыспен қамту орталықтарымен 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылатын болады. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға 3,4 мың адам жіберілді, — деп толықтырды Ринат Елжасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz