СҚО-да жылыту маусымында көмір тапшылығы туындамауы тиіс — Құмар Ақсақалов

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысына тұрғындарды қысқа қажет отынмен қамту үшін күніне 600-1000 тонна көмір жеткізіліп жатыр. Бұрынғыдай дүрлікпе жоқ, тұйықтарда көмір бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Көмірді облысқа жеткізу біздің күнделікті бақылауымызда, әсіресе сұранысқа ие Шұбаркөл көмірі бойынша. Күнделікті өңірге 600-1000 тонна мөлшерінде жеткізіледі. Қазір бұрынғыдай бірден талап әкетпейді, көмір тұйықтарда қалып жатыр. Көмір жылыту маусымы аяқталғанға дейін облысқа әкелінетін болады. Өйткені, кей тұрғындар оны бөліп-бөліп алады, сондықтан да тұйықтарда көмір үнемі болып, тапшылық туындамауы керек, — деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жылыту маусымына байланысты өткен отырыста.

Сондай-ақ, «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры Олег Перфилов Петропавлдағы 2-жылу-электр орталығындағы жағдай туралы баяндады.

– Қазір 5 қазандық жұмыс істеп тұр. Бір қазандық резервте, қажет болған жағдайда қосылады. Кестеге сай жұмыс істеп жатырмыз. Қорда 225 мың тонна көмір бар, бұл – тиісті нормадан екі есе көп. Сондай-ақ, 705 тонна мазут жатыр. Айына 300 мың тонна мазут қолданамыз. Әлеуметтік мазутке келісімшартқа қол қойылды. Қазан айында 600 тоннасы жеткізілуі керек, — деді Олег Перфилов.

Айта кетсек, көктемде 2-жылу-электр орталығындағы бірінші түтін мұржасы жартылай құлаған болатын. Осыған байланысты тұрғындар алдағы қысқа алаңдаушылық білдірген еді. Маманның айтуынша, жағдай бақылауда, биыл жылумен қамтуда мәселе туындамауы керек.

– Барлық жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Бірінші түтін мұржасын толық бұзып алдық, алаң қоқыстан тазартылды. Екінші түтін мұржасының сырты толық жөнделді, үшіншісінде жөндеу аяқталды. Қазан айында қалған қазандықтар да кезекпен іске қосылады. Нәтижесінде айдың соңында 10 қазандық жұмыс істемек. 20 қазанда жетінші турбина жөнделіп болады, — дейді Олег Перфилов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz