СҚО әкімі Шал ақын ауданына барып, әлеуметтік дамуымен танысып қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кривощеков ауылында орналасқан «»Асыл логистикс» ЖШС басшысы Ғабиден Балғынбековтың айтуынша, бүгінде ауылды дамытудың нақты жоспары әзірленді. Жобалар қазірдің өзінде жүзеге асырылып, үлкен инвестициялар құйылуда.
– Астық қоймаларын салуға және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 17 млрд. теңге бағытталды. Шағын лифт енгізіліп, қазір кеңейту жүріп жатыр. Ауылда 2,5 млрд. теңгеге сүт фермасы ашылып, 30 тұрақты жұмыс орны құрылады. 5 мың га аумақта тамшылатып суару жүйесі енгізіледі,- деді Ғабиден Балғынбеков.
Шаруашылық қызметкерлері үшін 2 млрд. теңгеге жатақхана мен асхана-кафе салынады. 500 млн. теңгеге шаруашылық жабық хоккей корты мен спорт алаңдары орналасатын жаңа алаң салуды жоспарланып отыр. Жалпы, шаруашылық басшылығы ауыл қызметкерлері мен тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, басқа ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жақсы үлгі көрсетуде.
– Мемлекет кәсіпкерлердің ауылды дамытуға деген ұмтылысын көріп отыр. Сондықтан біз Кривощеков ауылының инфрақұрылымын жақсартамыз. Бюджеттен 214 млн. теңге бағытталды. Биыл ауылға кіреберіс жол төселіп, негізгі көшелер жөнделді. Барлық көшелерде жарық орнатылып, ойын алаңы мен тренажерлер қойылды. Қазір су құбыры желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп пен ауылдық клубты жөндеуді жоспарлап отырмыз,- деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметі