СҚО-да 150-ден астам ресейлік дәрігерлерден көмек сұраған

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да Ресей Федерациясының 167 азаматы дәрігерлерге жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, негізінен шетелдіктер жарақаттармен, жүрек-қан тамырлары ауруларымен, тіпті миокард инфарктісімен жүгінеді. Бүгінгі таңда мамандар Ресейден келген екі әйелді қабылдады. Біреуі мерзімінен бұрын босану қаупіне байланысты шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Бұл ретте келушілер тек төтенше жағдайларда және денсаулық жағдайы тұрақтанғанға дейін тегін емделе алады.

— Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарына медициналық көмек көрсету ережелері регламенттелген. Яғни, шет мемлекеттердің, оның ішінде ТМД елдерінің азаматтары өмірге қауіп төндіретін жағдайларда шұғыл көмек алуға құқылы. Барлық жоспарлы және профилактикалық медициналық көмек ақылы негізде немесе ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі, — деді СҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz