Жыл басынан СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы 107 арызды қарастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полицейлері облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасында 8 (7152) 61-26-82 сенім телефонының жұмыс істейтіні туралы еске салады. Бұл нөмірге ішкі істер органдарының, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тарапынан жасалатын құқыққа сыйымсыз әрекеттер немесе бопсалау фактілері туралы хабарлауға болады. Сондай-ақ, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін мобильдік телефон арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін WhatsApp мессенджеріндегі 8-700-161-26-89 нөміріне хабарлама жіберу мүмкіндігі қарастырылған.
Барлық хабарламалар тіркеліп, әрқайсы бойынша егжей-тегжейлі тексеріс жүргізіледі. Қажет болған жағдайда заң бұзушыларын қылмыс орнында ұстау үшін жедел ден қою жүзеге асырылады. Хабарламада кері байланыс орнату үшін хабарласқан адам байланыс мәліметтерін қалдыру қажет.
Жыл басынан ӨҚБ сенім телефонына 107 адам хабарласқан. Олардың басым бөлігін жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары туралы толтырылған хаттамалармен келіспейтін жүргізушілердің өтініштері құрайды. Әр осындай факті СҚО ПД аппараты қызметкерлерімен қаралады. Құқыққа қайшы толтырылған хаттама расталған жағдайда, қызметкер жазаға тартылады.
– Сенім мен билікті асыра пайдаланып, қызметке кір келтіретін қызметкерлерге полиция қатарында орын жоқ. Түрлі деңгейдегі басшылар полицейлерден халық игілігіне адал қызмет етулерін талап етуі тиіс, – деді СҚО Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Атанов.