Астанада Солтүстік Қазақстан облысының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында Астана қаласында 8-9 қазан күндері, сағат 8:00 ден 18:00-ге дейін барлық облыс және Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңге Тұран даңғылы 48 мекенжайы бойынша «Астана Арена» спорт кешенінің жанындағы алаңда өткізіледі.