Бейнекамералардың көмегімен 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда бейнекамералардың көмегімен 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жедел басқару орталығы облыс орталығының полиция қызметкерлерінің жұмысын үйлестірудің негізгі пункті болып табылады. Ол тәулік бойы жұмыс істеп, облыс орталығындағы қылмыстар мен оқиғалар туралы барлық ақпаратты алады. Кезекші ауысым жұмысының арқасында патрульдік және учаскелік инспекторлар шақыртуларға дер кезінде жауап беріп, адамдарға көмек көрсетуде. Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижелері көрсеткендей, «102» нөміріне қоңыраулар көбінесе сағат 18.00-ден 00.00-ге дейін, сондай-ақ таңғы сағат 1.00-ден 3.00-ге дейін түседі.

Жалпы үстіміздегі жылдың 9 айында полицияның жедел арнасына қылмыстық құқық бұзушылық туралы 106 мыңға жуық телефон хабарламасы келіп түскен. Олардың 30 мыңнан астамы шұғыл жауап беруді талап етті. Көшедегі қылмыстарды ашудың, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алудың тиімді құралы бейнебақылау жүйесі болып табылады. Петропавлда қазір 410 бейнебақылау камерасы бар. Бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бері 140 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі, сондай-ақ 12 250 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық  анықталды, олардың көпшілігі – жол қозғалысы ережелерін бұзу.

– Күн сайын патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ Ұлттық ұланның қызметшілері қоғамдық тәртіпті қорғау және облыс орталығында патрульдеу жұмыстарын жүргізуде. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін автопатрульдік те, стационарлық бекеттердегі кезекші полиция қызметкерлері де қамтамасыз етеді, –  деп хабарлады Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары Қанат Қасенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz