СҚО полицейлері жүргізушілерді ауа райы қолайсыз күндері жолдағы қауіп туралы ескертеді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері жүргізушілерді ауа райы қолайсыз күндері жолдағы қауіп туралы ескертеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы күздің күн райы солтүстікқазақстандықтарды әлі де қуантуда, десе де полицейлер автокөлік иелерін маусым ерекшеліктерін ұмытпай, қысқа ерте қамдануға шақырады. Солтүстік Қазақстанның климаты тұрақсыз. Күннің лезде суытуы, жаңбыр жауып, көктайғақ болуы жүргізушілерді әбігерге салып жатады. Тәртіп сақшылары ауа райын қадағалап, төтенше жағдайлар қызметі жолдайтын sms-хабарламаларын қарап жүруге кеңес береді. Жүргізушілердің темір тұлпарларын қазірден бастап қысқыға әзірлегені дұрыс.

Шиналарын уақтылы ауыстыру ауа райының қолайсыз жағдайында сенімді жүруге мүмкіндік береді. Көктайғақ бола қалған жағдайда жылдамдықты төмендету, көлік құралдарының ара қашықтығын сақтау сияқты қарапайым ережелерді сақтау қажет.

СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбахтың айтуынша, ауа райының қолайсыз кезеңінде жол-көлік оқиғасын болдырмау және апаттылықтың алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдарда патрульдік полиция жасақтарының саны көбейтіледі. Түнгі уақытта патрульдеуді жарқылдауық маяқтары қосулы жүзеге асырады. Автопатрульдер жолдың апаттық-қаупі жоғары деген учаскелерінде қызмет атқарады.

СҚО-да 9 айдың ішінде 221 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 35 адам қаза тауып, 321-і жарақаттанған. Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолда абай болу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz