СҚО полицейлері экстремизм үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс тұрғындарына заңнаманың бұзылуы үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәжірибе көрсеткендей, кейде интернеттегі қашықтықтан болатын қарым-қатынас салдарынан адамдар өздерінің мінез-құлқына ие бола алмай жатады. Бұл қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке апарып соғуы мүмкін. Заң әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыруға, діни материалдарды және экстремистік сипаттағы материалдарды таратуға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын шақыруға, миссионерлік қызметпен айналысуға, тиісті рұқсатсыз діни ғұрып заттарын сатуға тыйым салынады. Құқыққа қайшы заңсыз сөздер өмірде де, интернет кеңістігінде де жазаланады.

Айта кету керек, көп жағдайда алкогольдің әсері адамдарды байқамай артық сөйлеуге итермелейді. Мәселен, қазіргі уақытта Петропавл қаласының 38 жастағы тұрғыны бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Өткен жылдың күзінде ол мас күйінде бірқатар заң бұзушылықтар жасады. Оның ішінде басқалардың ұлттық қадір-қасиетін қорлау, билік өкілдеріне бағынбау түріндегі бұзақылық әрекеттер де бар. Сот шешімімен мас күйінде ерсі қылықтар жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаевтың айтуынша, жыл басынан бері бөлініс қызметкерлерімен 3 қылмыстық іс қозғалып 22 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz