СҚО тұрғындарының ақшалай табыстары анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 117 275 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының департаментінде хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, номиналды мәнде кірістер 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 15% — ға өсті. Өткен жылы тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының өсуі шамамен 9% құраса, 2021 жылы Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 130 616 теңге деңгейіне жеткен.

Департамент халықтың номиналды ақшалай табысы — бұл ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға жұмсалатын қаражат екенін түсіндірді. Жан басына шаққандағы орташа табыстардың жалпы сомасын тұрақты халық санына бөлу арқылы есептеледі.

Статистиктер қыркүйек айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 18% — ға жеткенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz