Құмар Ақсақалов: интернет желісін тарту жағдайы көңіл көншітпейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық әкімдіктің отырысында өңірді интернетпен қамту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазіргі таңда шалғайдағы ауылдардағы интернет мәселесі өте өзекті. Мәселен, тұрғындар саны 250-ден аспайтын 338 ауылдың 144-іне ғаламтор желісі тартылмаған. Дегенмен 250-ден аса тұрғыны бар ауылдардың бәрі интернетпен қамтылған.
Өңір басшысының айтуынша, интернет тек тұрғындар үшін ғана емес, экономика саласы үшін де маңызды. Өйткені агроқұрылымдар ғаламтордың көмегі арқылы алқаптарды цифрландыруды қолға алды. Сондықтан тек ауыл ішінде ғана емес, егіс алқаптарын да қамтитын болуы тиіс. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, шығынды азайтуға, бастысы атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

-Алқаптардағы интернеттің қолжетімділігі туралы сұрағыма жауап алған жоқпын. Сондықтан байланыс операторлары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына интернеттің сапасын жақсарту жұмысын қолға алуды тапсырамын, -деді облыс әкімі Құмар Ақсқалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz