Туыстары 20 жыл бойы өлдіге санаған әйелді түрмеден тапты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелді туыстары 20 жылдан бері өлдіге санаған деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

22 қыркүйекте Петропавлдағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті. Іс-шараның басты оқиғасы сотталған Алтынгүл Баязитованың өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту орталығында тұрған 8 жастағы қызымен көптен күткен кездесуі болды.

8 қазанда ер адам әйелдер колониясына жүгініп, өзін сотталған Баязитованың туған ағасы екенін мәлімдеді. Жиенімен байланыс 20 жыл бұрын анасы, яғни ер адамның әпкесі, қайтыс болғаннан кейін үзілген. Осы уақыт ішінде сотталғанның туыстары оның қайда екенін білмей, оны қайтыс болды деп санаған.
10 қазанда ер адам түзету мекемесіне жиенімен қысқа мерзімді кездесу үшін келген Белгілі болғандай, ер адам сотталғанның туған ағасын да тәрбиелеп өсірген, енді ол балалар үйінен А.Баязиеваның қызын уақытша алып кетуді жоспарлап отыр.

– Жұма күні таныстарым маған ашық есік күнінен жаңалықтар видеосын жіберді. Мен бірден жиенімді таныдым. Сол сәтте қандай эмоцияларда болғанымды білмеймін. Енді мен житенімнің қызын анасы босағанға дейін өз қамқорлығыма алуды жоспарлап отырмын. Бұл мәселені біз талқыладық, Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Кім біледі, егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз бүгін кездесер ме едік, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz