Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері әлеуметтік желілерде арандатушылықпен айналысқан қыздардың әрекетіне қатысты тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде солтүстікқазақстандық 2 қыздың Қазақстан президенті Путин, сайлау бола қалса даусымызды соған береміз деген сөздері желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырған болатын.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл ақпарат СҚО ҰҚКД-ға, тергеуге жіберілді. Бұл қыздардың айтуынша, Петропавл орыс жері, достарының көбі Ресей жағында Украинамен соғысып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның заңнамасы бойынша жалданып соғысқа қатысқандарға Қазақстан Республикасы ҚК 170-бабы бойынша жазаға тартылады.