СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары мыңнан астам жалдамалы пәтерді тексерді

Авторы: Qyzyljar News

1 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласында іс-шара аясында учаскелік инспекторлар барлық шағын аудандардың тұрғындарымен кезең-кезеңімен жиындар өткізуде. Тәртіп сақшылары аула тұрғындарына интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тәжірибе көрсеткендей, желідегі алаяқтар зейнеткерлерді таңдайды. Өйткені оларды алдау оңайға түседі. Полицейлер интернет-алаяқтардың жиі кездесетін сценарийлері мен механизмдері туралы айтып, жадынамалар таратты. Кездесу соңында егер әлдебіреу қоңырау шалып, жеке деректерді сұрай бастаса, оның алаяқ екені және тұтқаны бірден қоя салу қажет екенін айтты.

Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарынан іс-шараның өтуіне түсіністікпен қарауды сұрайды және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне барынша жәрдем көрсетуге шақырады. Күдік туғызатын адамдар туралы «102» нөміріне хабарлау қажет.

1 қазаннан бастап осы сынды кездесулермен облыс бойынша көпқабатты үйлердің 18 мыңнан астам пәтері және 25 мыңнан астам жеке үйлер қамтылды. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында әр түрлі есепте тұрған 972 адам, сондай-ақ есепте тұрған 129 отбасы тексерілді. Тұрғылықты мекенжайы жоқ 24 адам ұсталды. Жалдамалы 1120 пәтер тексерілді, онда тіркеусіз адамдарға жалға берудің 58 фактісі анықталды, олар бойынша ұсыныстар салық органдарына жіберілді. 2092 мылтық иесі тексеріліп, қаруды сақтау ережелерін бұзу бойынша 6 факті анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz