Петропавл қаласының әкімі әуесқой футбол командаларын марапаттады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл әкімдігінде әуесқой командалар арасында футболдан қала чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, «А» және «В» лигасының жеңімпаздарына 100, 150 және 250 мың теңгелік сертификаттар, медальдар, кубоктар берілді. Сондай-ақ үздік ойыншы, шабуылшы, қақпашы және қорғаушы аталымдары бойынша үздіктер де марапатталды.

— Петропавлда дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қала тұрғындарын бұқаралық спортқа баулу үшін аулаларды, скверлерді, спорт алаңдарын көркейту жұмыстары жүргізілуде. Спорт нысандары ашық және халық үшін қолжетімді, — деді баспасөз қызметі.

Айта кету керек, аталған чемпионатқа 20 команда қатысты. Жарыс бес айға созылып, осы уақыт ішінде 200 матч өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz