Отандық қант өндірушілермен бағаны тұрақтандыру туралы келісім жасалды

Авторы: Qyzyljar News

Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, «Ақсу Кант», «Меркі қант», «Көксу қант зауыты» және «Тараз қант зауытының» өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қант бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құжат қант бағасын тұрақтандыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елімізде қант саласын дамытуға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасы СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, меморандумға қол қою ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге тікелей айналым қаражатын бөлуді көздейтін мемлекеттік қаржылық қолдау жүйесінің жаңа тетіктерін енгізудің маңызды кезеңі болып табылады. Бұл ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар өнімдердің болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы қант саласын дамытуға мүмкіндік береді.

– Қант зауыттары үш айлық қант шикізатын сатып алып, жыл бойы тұрақты өңдеуді қамтамасыз ете алады. Өз кезегінде зауыттар 1 жылға сату бағасын белгілеу, зауыттарды міндетті түрде жаңғырту, сақтау қуатын ұлғайту және қант саласын дамыту жөніндегі жоспарды мүлтіксіз орындау бойынша нақты өзара міндеттемелер алады,- деді меморандумға қол қою барысында Қазақстан Республикасы СИМ Сауда комитетінің төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz