Петропавлда аялдаманы қиратқан жігіт 5 тәулікке қамалды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда шыныдан жасалған аялдаманы сындырған 21 жастағы жігіт анықталып, 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазан күні кешке белгісіз біреу Жуков көшесіндегі әйнек аялдаманы қиратқан. Сол жерден өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі шуды естіп, қираған аялдаманы көре сала, бірден «102» нөміріне хабарласқан. Нәтижесінде бұзақы көп ұзамай қолға түсті.

Қала тұрғынының полицияға уақтылы жүгінуі құқық бұзушыны іздеп табуға септігін тигізді. Учаскелік полиция инспекторы 21 жастағы петропавлдықты анықтап, жауапқа тартты. Ол бұл әрекетке мас болғанымнан бардым деп түсіндірді. Бұзақыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналды. 12 қазан күні сот шешімімен жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.Келтірілген шығынды өтеу туралы талап арыз беру үшін сот қаулысы Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылды.

– Бұдан бөлек, сот бұзақының жүріс-тұрысына 3 ай мерзімге ерекше талап шығарды. Бұл кезеңде оған алкоголь ішуге тыйым салынады. Талаптың орындалуын бақылау учаскелік инспекторға жүктеледі. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 2-б. бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 тәулікке қамауға алу жазасы көзделген, — дейді Петропавл қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Жалпы жыл басынан Петропавл полицейлері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 303 адамды жауапқа тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz