СҚО тұтынушыларына жылуға төлеген 63 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды жылумен қамтитын табиғи монополиялардың 11 субъектісі есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға 63 млн. астам теңгені қайтарулары тиіс, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, ведомство монополистердің 2021-2022 жылдар аралығындағы жылу үшін жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға 27 млн. теңгеге жуық қаражатты қайтаратынын хабарлаған еді.

Департамент мамандары жақында сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша табиғи монополиялар субъектілері ұсынған ақпараттарға қорытынды талдау жүргізді. Нәтижесінде жылумен жабдықтайтын 11 табиғи монополия субъектісі ҚҚС есебімен есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға 63 млн. 563 мың теңгені қайтаруы қажет екенін анықтады.
Соның ішінде «Севказэнергосбыт» ЖШС шамамен 30 млн. теңге, «Вектор» ЖК 16 млн. теңге, «Теплосервис-2030» ЖШС 10 млн. теңге, «Саумалкөл жылу» ЖШС 4,5 млн. теңге өз тұтынушыларына қайтаруы тиіс.

– Монополистер департамент қабылданған бұл шешіммен келіспеген жағдайда жоғары тұрған органға немесе сот тәртібімен шағымданауға құқылы. Бұл аталған субъектілер қайта есептеу нәтижесін жаңа жылу маусымында, не осы жылдың соңына дейін төлемді қайта есептеу арқылы қайтаруы тиіс. Ол халықтың жеке шотында аванс түрінде жеке жолмен көрсетіледі — дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті мамандары.

Мамандар осылайша жылу үшін артық төлем жасамау және келіспеушіліктер болмауы үшін тұтынушыларға үйге ортақ жылу есептеу құралдарын қоюға кеңес береді. Мұндайда тұрғын жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін ғана ақы төлейді. Яғни сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қайта есептеу жүргізу қажеттілігі туындамайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz