СҚО мектептерінің 18%- ында инклюзивті білім беруге жағдай жасалмаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасау тұрғысынан білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізілді.  Өңірде  ерекше қажеттілігі бар   4 045 оқушы білім алуда, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің ақпараты бойынша, өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 26 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 667 бала оқитын жеті арнайы мектеп-интернат бар.

Петропавлдың алты балабақшасында 13 арнайы топ жұмыс істейді, онда әртүрлі деңгейдегі кемістігі  бар 136-дан астам бала тәрбиеленуде.

Екі мектепте — бір қалалық және бір ауылдық мектепте — психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сыныптар бар. Оларға 37 оқушы барады.

— Инклюзивті білім беру үшін  мемлекеттік 61  балабақшаның 47-інде, яғни  77 пайызында,      жалпы білім беретін 454 мектептің  373-інде, яғни 82%ында жағдай жасалған.     Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беру бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Жұмыс тобының мүшелері көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша әдістемелік ұсыныстар   берді, — деді департамент өкілдері.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz