СҚО-да ойыншықтардан формальдегид пен ксилол табылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ойыншықтарда формальдегидтің, ксилолдың және басқа заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде департамент басшысының орынбасары Татьяна Горлова іріктелген 129 ойыншық сынамасының 76-сы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін хабарлады.

— Барлық 76 сынама таңбалауға сәйкес келмеді. Ойыншықтардың 10,5% физика-химиялық көрсеткіштерге сәйкес емес. Бұл балалар үшін өте қауіпті. Олардан формальдегид, метил спирті, фенол, гептан, ксилол және басқа да заттар анықталды, — деді Татьяна Горлова.

Оның айтуынша, қауіпті ойыншықтардың қатарында Қытайда жасалған балық аулауға арналған ойын жиынтығы бар. Онда ксилол мөлшері асып түседі. Ал, танк-трансформер ойыншығында гептанның көп мөлшері болса, стресске қарсы ойыншықта 0,05 мг/текше метр нормада 1,08 мөлшерінде фенол анықталды.

— Ашық түсті ойыншықтарды сатып алмауды сұраймыз. Әдетте, олардың құрамында ережелерге сәйкес келмейтін химиялық элементтер бар. Барлық ойыншықтарды сатушыларда сапаға сәйкестік туралы декларация болуы керек, — деп қосты Татьяна Горлова.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz