Жергілікті «Qyzyljar» клубы өз алаңында «Атырау» командасын жеңді

Авторы: Qyzyljar News

Футболдан ел біріншігінің 23-ші туры аясында жергілікті «Qyzyljar» клубы өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады. Тартысқа толы ойын жерлестеріміздің пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдың Қарасай стадионында өткен матча «Qyzyljar» командасы «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді. Алғашқы голды 17-ші минутта Пабло Подио соққаннан кейін, Юрий Бушман есепті еселеп 25 минутта тағы бір гол салды. Кейіннен қарсылас команданың ойыншысы Андрия Филипович есепті қысқартып ойынның 45 минутында есепті 2:1- ге жеткізді. Жан алысып жан беріскен бұл матчта «Qyzyljar» ойыншысы Юрий Бушман 86 минутында гол соғып, ойын нүктесін қойды.

– Жалпы, матчқа қатысқан әрбір ойыншыға, жаттықтырушылар штабына, медициналық қызметкерлерге алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ Григорий Атарович Лорияға да алғыс білдіремін. Ол осы апта бойы ойыншыларымыздың қолдап, өз кеңес беріп отырды. Оның тәжірибесі де өте маңызды рөл атқарды. Жігіттер болса мұны дұрыс қабылдап, берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындады. Келіп қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ерекше рақмет айтқым келеді. Футболшыларымыз барлық сәттерді жүзеге асырса, шот одан да үлкен болар еді. Команда әр матчта физикалық, психологиялық және тактикалық тұрғыдан күресуге дайын. Әр футболшыдан бастап әр жанкүйерге дейін барлығын құттықтаймын,- деді матч аяқталған соң команданың бас бапкері Әли Әлиев.

Осы жеңістің арқасында «Qyzyljar» 26 ұпай жинап, кестеде 12-орыннан 11-орынға көтерілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz