Петропавлдағы түнгі гуіл тұрғындардың зәресін ұшырды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы түнгі гуіл қала тұрғындарының зәре-құтын қашырды. Облыс орталығындағы екінші жылу-электр орталығы жақтан естілген қатты шуды кейбіреулер апат деп ойлаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл тұрғындары түнгі қаланың тыныштығын бұзған гуілді жазып алып, әлеуметтік желілерде бөлісті. Қатты шудың қайдан және неден шыққандығы жөнінде ойларын сан құбылтып, кейбірі «жылу-электр орталығындағы апат болуы мүмкін» деп, жұрттың зәресін алды. Түн ішінде жұртты үрейлендірген дыбыс жайында «СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметі түсінік берді. Қорқатындай ештеңе болмаған, орталықта жоспарлы жұмыс жүргізілген.

– 16 қазан сағат 23.00-ден бастап, 17 қазан сағат 00.30-ға дейін жөндеуден шығару кезінде № 4 станциялық қазандық агрегатының бу қыздырғышын жоспарлы үрлеу жүргізілді. Бұл процесс толығымен мамандардың бақылауында өткізіледі және күрделі жөндеу кезеңінде ауыстырылған қыздыру беттерінің үлкен көлемінен кейін технологиялық тұрғыдан қажет. Осындай үрлеу процесі 25 қыркүйек күні № 5 станциялық қазандық агрегатына күрделі жөндеуден шығару кезінде жүргізілді. Ол күні үрлеудің негізгі кезеңі күндізгі уақытта болды, сондықтан қала тұрғындары оны байқамады. Қазан айының соңына дейін тағы да осындай жұмыстарды жүргізу жоспарланған. Қыздыру беттерін ауыстырудың үлкен көлемінен кейін оларды күрделі жөндеуден шығару кезінде қазандық агрегаттарындағы 6, 7 станция бу қыздырғыштары үрленеді. Бұл жұмыс атқарылатын күні мен болжамды уақыты туралы қала тұрғындарына әлеуметтік желілерде қосымша хабарлаймыз, — делінген жауапта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz