Қаржылық мониторинг агенттігі Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманына қатысты істі тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұсталған күдікті бизнес-идеяларды іске асыруға арналған «Еңбек 2017-2021» мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарды ресімдеумен айналысты.
– Тергеу барысында бағдарламаға қатысушылар бөлінген ақшалай қаражатты алмағаны және қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Cот күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «үйқамақ» бұлтартпау шарасын қолданды, — делінген Агенттік хабарламасында.