Петропавлда Құтқарушылар күні қарсаңында ерекше аялдама пайда болды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдың көшелерінің бірінде ескерткіштің қызметін қоса атқаратын ерекше аялдама пайда болды. Ол облыс орталығындағы өрт сөндіру бөлімдерінің бірінің маңына қойылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда Құтқарушылар күні қарсаңында өрт сөндіру көлігімен безендірілген ерекше аялдама пайда болды. Ол 19-шы ықшам ауданда, Жамбыл көшесінде орналасқан. Өрт сөндірушілердің айтуынша, дәл осындай аялдама ашу идеясы бұрыннан пайда болған. Өйткені ол «өрт сөндіру бөлімі» аялдамасы деп аталады. Ал нысанға жалғанған өрт сөндіру көлігі кезінде Мамлют ауданында жұмыс істеген.

– Талай өртті осы техниканың көмегімен сөндірдік. Бұл біздің қызметтегі ең көне машина деп айтуға болады. ГАЗ-51 көлігінің негізінде оған автоцистерна қойылған. Бұл көлік 1950 жылдары өрт сөндіру қызметінде қолданылды. Бұл машинаға 1 мың литр су, 50 литр көбік сыяды. Өз заманының керемет техникасы. Аялдамадан тұрғындар қажетті ақпарат алады. Қасымызда қазақ мектебі орналасқан. Бұл аялдамадан оқушылар да көп мінеді, сондықтан балалар да біздің қызмет туралы қызықты ақпарат ала алады. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері туралы да жаднамалар ілінген, — дейді Петропавлдағы № 2 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Самат Жапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz