Петропавлда облыстық ата-аналар форумы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Оқушылар сарайында облыстық ата-аналар форумы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шараны Астана қаласынан келген «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды. Бұған дейін осындай атаумен 13 форум өткізген екен. Бүгінгі жиынға 300-ге жуық ата-ана жиналды. Оның жартысы ауданнан келіп отыр. Бас қосуда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы жайында сөз қозғалды. «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов интернет дамыған заманда әр ата-ананың балалардың жанынан әрдайым табылу маңызды екеніне тоқталды әрі «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылу мақсатын да айтып өтті.

– Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу де аса жауапты іс. Бірлестіктің мақсаты да ата-аналардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру. Баланың тұлға, кемел адам ретінде қалыптасу жолында маңызды фактор саналатын отбасының, әсіресе, әкелердің бала тәрбиесіне ат салысуына жағдай жасау, насихаттау, сонымен қатар педагогтардың статусын көтеру, – деді «Сенімен Болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов.

Форум соңында психологтар ата-аналар үшін семинар-тренинг өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz