Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Куйбышев ауылдық округінің Надежка ауылында ірі қарадан бруцеллез ауруы табылды. Осыған байланысты аталған елді мекенде шектеу шараларын енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Ірі қара малдан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Куйбышев ауылдық округінің Надежка ауылындағы 4 линия көшесіне шектеу шаралары белгіленсін,- деп көрсетілген ауылдық округ әкімінің шешімінде.
Құжатты ашық талқылау 1 қарашаға дейін жалғасады. Айта кетейік, биылғы 8 айда Батыс Қазақстан облысында 3 582 бас ірі қара мен 588 бас ұсақ малдан бруцеллез анықт