СҚО-да синтетикалық есірткі сатумен айнысқан әйел ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында есірткіні белгілі орындарға жасырып, оны табыс көзіне айналдырған 24 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есірткі жасырушы Петропавлда жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Тәртіп сақшыларына оның есірткіні белгілі орындарға жасырып, содан пайда тауып жүргені жайында ақпарат келіп түскен.Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде әйел ұсталып, одан ұнтақ тектес зат салынған полимерлік пакет алынды. Сараптама ол заттың салмағы 49 грамм болатын синтетикалық есірткі — мефедрон екенін көрсетті, бұл аса ірі көлемге жатады. Бұл 500-ге жуық адамды нашақорлықтың торына түсіруге жеткілікті мөлшер. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Ұсталған бойжеткен қамауға алынды. Жалпы жыл басынан облыста есірткіні сатуға қатысты 49 дерек тіркелді. Заңсыз айналымнан 383 кг түрлі есірткі алынды, оның ішінде 1,548 кг синтетикалық есірткі, — дейді СҚО Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz