ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқауға 330 байқаушы жібереді

Авторы: Qyzyljar News

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушылардан тұратын делегация жібереді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті. Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясына Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушылардан тұратын делегацияны жіберу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен және ұзақтығымен, президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын атап өтті.Бұдан бөлек, сайлау процесіне қатысушыларды оқыту және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесіне дәстүрлі түрде көп көңіл бөлінетінін айтты. Саяси партиялар, жастар, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері үшін семинарлар өткізіліп жатыр. Жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ҚР ОСК жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылды. Сарапшы кеңестің құрамы жаңартылды.

Кездесу аясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының мүшелері Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне өз сұрақтарын қойды.

– Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын заңнамаға сәйкес қатаң жүргізуді қамтамасыз етеді және адал және әділ бәсекелестік үшін барлық жағдай жасайды. Біз Бюромен, оның ішінде сайлау науқандары арасындағы тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогты жалғастыруға үлкен мән береміз, — деп атап өтті Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіров кездесу соңында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz