СҚО кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс істейтін әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы әйелдерге киім тігуді үйрету курстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстың төрт жұмыссыз тұрғыны жұмыс істеп тұрған тігін ательесі негізінде оқудан өтті. Елена Гаврилованың жетекшілігімен бойжеткендер адамның дене бітімінің ерекшеліктерін ескере отырып, пішу мен өрнек салудың негізгі принциптерін зерттеп, киімді модельдеу әдістерімен танысты.
– Оқу бағдарламасында әйелдер үшін тегін өткізілетін 36 сағаттық сабақ қарастырылған. Оқу курсына қатысу жұмыс істемейтін әйелдер үшін кәсіп бастау негіздерін алуға және өздері үшін қосымша табыс көзін табуға мүмкіндік болды, – дейді СҚО бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Ирина Васильева.