Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы жиырма пайызға қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

Елімізде жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 20,1% қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өткен аптада – 0,2%, ай басынан – 0,5%, жыл басынан 20,1% өсті. Жылдық мәнде 19,6% қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайыздық тармаққа жоғары, — делінген мәліметте.

Статистика дерегіне сүйенсек, өткен аптада пияз – 2,6%, сәбіз – 1,7%, картоп – 0,9% арзандаса, жұмыртқаның І категориясы – 1,9%-ға қымбаттаған. Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы 2022 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша, қарақұмық – 524 тг/кг, картоп – 152 тг/кг, айран, 2,5% – 345 тг/л құрады. Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz