Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Авторы: Qyzyljar News

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысында іс-шаралар кешені өткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шара Тараз қаласындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Студенттер үйінің» алдында ескерткіштің ашылу салтанатымен басталды.Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі Көрме павильонында «Шерхантаным: қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Мерейтой кейіннен Жуалы ауданы Талапты ауылындағы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалды үйінің (өзі тұрған үйі) ашылу салтанатымен жалғасын тапты. Сондай-ақ, «Шыңның жүзі — Шераға» республикалық ақындар мүшайрасының және «Ақиқаттың ақ туы» республикалық қаламгерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын атап өтуге негізделген іс-шараларға шақырылған құрметті қонақтар қатарында ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, доктор, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтар Құл-Мұхамед, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, жазушы, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин сынды белгілі тұлғалар бар.  Іс-шаралар легі ақындар айтысымен, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz